Абай өнімі

Нанмен нәпақа тапқан ана

Аягөз қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Максымбаева Шынар Кабдылгазықызы мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отыр. Соған қарамастан, ол кәсіпкерлік бастаманы қолға алып, отбасылық табысты арттырумен қатар өңір экономикасына үлес қосып келеді.

2025 жылдың маусым айында Шынар Кабдылгазықызы «Нан өнімдерін өндіру» бағыты бойынша жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған мемлекеттік гранттың иегері атанды. Жоба аясында ол 1 572 800 теңге көлемінде қайтарымсыз қаржылай қолдау алды.

Бөлінген қаражат өндірістік жабдықтар сатып алуға және нан өнімдерін дайындау үдерісін жолға қоюға бағытталды. Қазіргі уақытта кәсіпкер 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Аталған жоба халықты сапалы әрі қолжетімді нан өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, шағын және орта бизнестің дамуына серпін беруде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button