Басты жаңалық

Бесқарағай ауданында үш ауылда жаңа мәдениет үйлері салынып жатыр

Абай облысының Бесқарағай ауданында ауылдық елді мекендердің мәдени инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Беген, Глуховка және Ерназар ауылдарында әрқайсысы 100 орынға арналған Мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде.

Жаңа нысандар ауыл тұрғындарының мәдени өмірін жандандырып, шығармашылық ұжымдардың дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Құрылыс жұмыстарының барлығы биыл аяқталып, ел игілігіне беріледі.

Беген ауылы – қазақ мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар дүниеге келген киелі мекен. Бұл жерде композитор, ақын Төлеген Мұхамеджанов пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері әрі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меңтай Өтепбергенов туған.

Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданында 1 Мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 1 орталық кітапхана және 19 ауыл кітапханасы тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуде. Сонымен қатар аудандық Мәдениет үйі жанында «Бесқарағай үні» ұлттық аспаптар ансамблі, «Экситон» халық би ансамблі, «Чародей» үлгілік би ансамблі және халық театры жұмыс істейді.

Аталған жобалар ауыл тұрғындарының мәдени қолжетімділігін арттырып, ұлттық өнерді дамытуға тың серпін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button