Басты жаңалық

«Ұмай»: өтінім қабылдау 3 қарашада басталады

Әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 3 қарашада басталады. Бағдарлама қатысушыларына 50 млн теңгеге дейін ипотекалық несие алу мүмкіндігі ұсынылады.

Несие мөлшерлемесі жылдық 14,8 пайызды құрайды. Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты айдағы ресми табысты растау қажет.

Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй сатып алынатын қалаға байланысты белгіленген. Астана мен Алматы қалаларында баспана құнының кемінде 20 пайызы, ал басқа қалаларда 15 пайызы төленуі тиіс.

Өтінімдерді Отбасы банкінің онлайн сервистері, банк кеңесшілері арқылы немесе бөлімшелеріне барып беруге болады.

Өтінім қабылдау 3 қарашада басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button