Басты жаңалық
Енді семейдің балалары бос отырмайды

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына сапары кезінде Семейдегі жаңа Оқушылар сарайын барып көрді.

Заманауи нысанда балаларға робототехника, бағдарламалау, спорт және шығармашылық бағыттар бойынша білім алуға жағдай жасалған. Ішінде бассейн, жекпе-жек және түрлі үйірме залдары бар.

Сарай күніне 2 мыңға дейін бала қабылдай алады. Балаларды қабылдау жазда басталады деп жоспарланып отыр.

Нысан іске қосылса, қаланың сол жағалауындағы балалар үшін мүмкіндік арта түседі.

Сапар қорытындысында Бектенов жобаларды уақытында аяқтап, жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды.



