Басты жаңалық
Қала тазалығы сынға қалды

Қала әкімі Әділет Қожанбаев тазалыққа жауапты мердігер ұйым басшыларымен кездесті.
Жиында бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.
«Қала тазалығы бойынша бұл бірінші жиналыс емес. Алайда мәселелер әлі де бар. Мердігер ұйымдардың жұмыс сапасы сын көтермейді. Тұрғындардан келіп түскен шағымдар азаймай отыр. Белгіленген талаптар толық орындалмай, қоқыс уақытылы шығарылмай, қала тазалығы тиісті деңгейде сақталмай отыр», – деп атап өтті қала әкімі.
Шаһар басшысы барлық мердігер ұйым басшыларына жұмысты күшейтуді, тазалық талаптарын қатаң сақтауды және тұрғындардан келіп түскен әр шағымды жедел шешуді тапсырды.


