Басты жаңалық
Облыс әкімі қаламгерлермен кездесті

Абай облысында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай жергілікті ақын-жазушылармен кездесу өтті.
Кездесуге зиялы қауым өкілдері, ақындар, мәдениет қызметкерлері мен әдебиет сүйер қауым қатысты. Шара барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли сөз сөйлеп, өңір гимнін жазуға арналған «Ұлылар елі» ән байқауы басталғанын жариялады. 
Жиында Тарбағатай өнер мектебінің ашылатыны айтылып, мәдениет саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар талқыланды.

Кездесу аясында «Абай жолы кітапханасы» жобасы бойынша жарық көрген кітаптар таныстырылып, қатысушылар Абай мен Мұқағали шығармашылығы жайында ой бөлісті. Ашық микрофон форматында пікір алмасу өтіп, ақындар арнау өлеңдерін оқыды.



