Хабарландыру

«Авто Транс Семей» серіктестігі сатылымға қойылды

Абай облысы Семей қаласында жолаушылар тасымалымен айналысатын «Авто Транс Семей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатылымға қойылады.

Кәсіпорын 2021 жылғы 19 тамызында тіркелген. Негізгі қызмет бағыты — қалаішілік және қала маңындағы жолаушылар тасымалы. Серіктестік мемлекеттік құрылымдарға қарайды. Құрылтайшысы Семей қаласы әкімінің аппараты. Ал салалық басқарушы органы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Кәсіпорын қазіргі мекеме жұмыс істеп тұр. Құқықтық тұрғыда шектеу қойылмаған. Бұл оның еркін түрде қайта ұйымдастырылуына немесе сатылуына мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button