Әлеумет

Комада жатқан адамдарға әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу жеңілдеуі мүмкін

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов комада жатқан азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатқанын айтты.

Қазіргі қолданыстағы нормаларға сәйкес, адам ұзақ уақыт комада болған жағдайда өз атынан өтініш беруі немесе құжаттарға қол қоюы мүмкін емес. Соның салдарынан мүгедектікті рәсімдеу, жәрдемақы тағайындау және техникалық оңалту құралдарын алу үдерісі едәуір қиындап келген.

Ұсынылып отырған түзетулер бұл олқылықты жоюды көздейді. Атап айтқанда, комада жатқан азаматтың заңды өкілдеріне оның атынан өтініш беруге және мүгедектікті рәсімдеуге құқық беру қарастырылған. Бұл әлеуметтік төлемдерге, оңалту құралдарына және басқа да қажетті көмектерге уақытылы қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Депутаттың айтуынша, бастама ең алдымен адамгершілік қағидаттарына негізделген және қиын жағдайда қалған азаматтар мен олардың жақындарын нақты қолдауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button