Кеңгірбай би ауылында балалар лагері салынып жатыр

Абай ауданының Кеңгірбай би ауылында балалар лагерін салу жобасы жүзеге асырылуда. Нысанның сметалық құны 428 601,0 мың теңгені құрайды. Тапсырыс беруші – Абай облысының құрылыс басқармасы.
Құрылыс жұмыстарын Градстройсервис ЖШС жүргізуде. Келісімшарт құны 363 157,0 мың теңге. 2025 жылға дейін 278 400,0 мың теңге игерілді. 2025 жылға 90 000,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Қосымша қажеттілік 50 000,0 мың теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта мердігер нысан аумағына құрылыс материалдарын жеткізуде. Атап айтқанда, теплофондар, тоқ қосқыштар мен кабельдер әкелінді. 2026 жылдың ақпан айында теплофондарды орнату және ішкі әрлеу жұмыстары басталады.
Жоспарға сәйкес, балалар лагерінің құрылысы 2026 жылдың II тоқсанында аяқталады.
Дереккөз: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі



