Басты жаңалық

Абай облысында қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

Абай облысында қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау және шығару жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр. Коммуналдық және жол қызметтері елді мекендер мен жолдарда күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Бесқарағай ауданында ауыл көшелері тазартылып, жыл басынан бері 10 мың текше метрден астам қар шығарылды. Су өткізу құрылыстарының арналары тазартылып, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті қор дайындалған.

Көкпекті ауданында қар мөлшерінің көп түсуіне байланысты жолдарды тазалау жұмыстары үздіксіз жалғасуда. Аудан жолдарына қызмет көрсететін арнайы техникалар тұрақты жұмыс істеп, екі мың текше метрге жуық қар шығарылған.

Бородулиха ауданында қар тазалау жұмыстары күн сайын жүргізіліп, қыс басталғалы 28 мың текше метрден астам қар сыртқа шығарылды. Жолдар мен қоғамдық орындардың тазалығы қамтамасыз етілуде.

Аягөз ауданында да қар тазалау жұмыстары жүйелі ұйымдастырылып, 15 мың текше метрден астам қар шығарылған.

Ал Үржар ауданында қардың қалың түсуіне байланысты жұмыстар ерте басталып, тәулік бойы жалғасуда. Аудан бойынша ондаған техника жұмылдырылып, бірнеше мың текше метр қар шығарылған.

Өңірде қар тазалау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.

Дереккөз: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button