Аула тазалығы: қар тазалау жұмыстары барлық жерде бірдей ме?

Қыс мезгілінде ауладағы тазалық мәселесі тұрғындар үшін өзекті тақырыпқа айналады. Кейбір аулада қар уақытылы тазаланса, енді бірінде қар тазалау мәселесі толық шешілмеген. Біз қаладағы бірнеше ауладағы жағдайды салыстырып көрдік.
Алдымен Ибраев көшесі, 129 мекенжайындағы аулаға бардық. Мұнда қар уақытылы шығарылған, аула аумағы таза. Балалар алаңы мен спорт алаңы да қардан тазартылған.

Аманов көшесі, 25 мекенжайындағы аулада да қар тазалау жұмыстары жүргізілген. Аула аумағы тазартылып, тұрғындардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасалған. Қар үйінділері байқалмайды.

Ал Аманов көшесі, 22 үйдің ауласында қар толық тазаланбаған. Әсіресе балалар алаңында қар үйінділері сақталып, бүлдіршіндердің ойнауына қолайсыздық туғызуда.

Көктем жақындаған сайын қала аулалары толық тазарып, тұрғындарға жайлы орта қалыптасады деген үміт бар. Себебі қала көркі ең алдымен оның аулаларынан басталады.
Ал сіз тұратын аулада тазалық жұмыстары қалай жүргізілуде?



