Басты жаңалық

Аймақта 83 пошта бөлімшесі қызмет көрсетуде

Облыс әкімі Берік Уәли «Қазпошта» АҚ Абай облыстық филиалының директоры Нұрдәулет Лесбаевпен кездесті. Жиында өңірдегі пошта-логистикалық, қаржылық және агенттік қызметтердің дамуы, көрсетілетін сервистер сапасын арттыру және филиал инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта филиал тұрғындарға пошта, логистика, қаржы және мемлекеттік қызметтердің кең спектрін ұсынып отыр. Облыс аумағында 83 пошта бөлімшесі жұмыс істейді. Оның ішінде Семей қаласында 8 бөлімше және 7 аудандық пошта байланыс торабы бар. Ауылдық елді мекендерде 75 бөлімше қызмет көрсетіп, 14 мыңнан астам ауыл тұрғыны қамтылған. Филиалда 546 қызметкер еңбек етеді. Алдағы кезеңде Семей қаласындағы бөлімшелер санын арттыру жоспарлануда.

Кездесу барысында бірқатар проблемалық мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, автопарктің 50 пайыздан астамы тозғаны және кейбір пошта нысандарына күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі айтылды.

Облыс әкімі тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, цифрлық сервистерді дамыту және пошта инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңарту бағытындағы жұмысты жалғастырудың маңызын атап өтті. Айтылған ұсыныстар назарға алынып, тиісті шаралар қарастырылатын болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button