Абай облысы агросалада 6-орынға көтерілді

Абай облысында ауылдық аумақтарды дамыту жұмыстары жүйелі жалғасып келеді. Өңірде шамамен 600 мың тұрғынның 37,1 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Бұл аграрлық саланың өңір экономикасындағы маңызын көрсетеді.
2025 жылдың қорытындысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 584 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 28,8 пайызға ұлғайды. Осы көрсеткіштің арқасында облыс республика бойынша 6-орынға көтерілді.
Салаға тартылған инвестиция 63 млрд теңгені құрап, өсім 145,2 пайыз болды. Биыл жалпы құны 23,1 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 10 ауданда 28 кооператив қаржыландырылуда. Ал 2026 жылы ауыл тұрғындарын қолдауға 4,5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
Жалпы алғанда, 2031 жылға дейін өңірде жалпы құны 197,5 млрд теңгені құрайтын 85 ірі агрожобаны іске асыру көзделген.



