Басты жаңалық

10 мың теңгелік ескі банкнотаның мерзімі ұзартылды

Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноталарды пайдалану мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл купюралар халық пен кәсіпкерлер арасында әлі де кеңінен қолданылып, сұранысқа ие болып отыр. Осыған байланысты ескі үлгідегі 10 мың теңге банкноталарын айналымда қалдыру туралы шешім қабылданған.

Енді бұл купюралар 2027 жылдың маусым айына дейін заңды төлем құралы ретінде қолданыста болады.

Айта кетейік, бұған дейін ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноталар биыл айналымнан шығарылады деп жоспарланған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button