Басты жаңалық

Абай облысында қар шығару жұмыстары жалғасуда

Өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу үшін қар шығару және еріген қар суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасымен ұйымдастырылған, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Семей қаласында қар тазалау тәулік бойы жүріп жатыр. Қазір күндіз 40, түнде 30 техника жұмыс істейді. 6 наурыздан бері шамамен 10 мың текше метр су сорылып, қала аумағынан 250 мың текше метр қар шығарылды.

Бесқарағай ауданында да алдын алу жұмыстары күшейтілген. Биыл қар көлемі былтырмен салыстырғанда екі есе көп. Қазірге дейін 22 500 текше метр қар шығарылып, су өткізгіш құбырлар тазартылды. Апаттың алдын алу үшін техника мен мотопомпалар дайын тұр.

Үржар ауданында 84 техника жұмыс істеп, жолдар мен көпірлер маңы тазартылды. Су басу қаупі бар аумақтардан 10 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Көкпекті ауданында ауыл көшелерінен 14 мың текше метр қар шығарылды. Жарма ауданында арықтар мен су өткізгіш құбырлар тазартылып жатыр.


Ақсуат ауданында 9 500 текше метр қар шығарылып, 66 су өткізгіш құбыр тазартылды.

Бородулиха ауданында қыс басталғалы бері 40 мың текше метрден астам қар шығарылған. Жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button