Басты жаңалық
Баға еркіне жіберіледі

Үкімет баға мен тарифтерді біртіндеп еркін қалыптастыруға көшпек. Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға нарықтағы шектеулерді алып тастау жолдарын әзірлеуді тапсырды.
Бұл өзгеріс барлық салаға бірдей әсер етпейді. Монополиялық бағыттар бұрынғыша бақылауда қалады. Ал қалған нарықтарда баға сұраныс пен ұсынысқа қарай қалыптасады. Сонымен қатар тарифтерді ырықтандыру да қатар жүргізіледі.
Тағы бір жаңалық дәрі-дәрмекті тіркеу уақыты қысқарады. Бұрын 3–5 жыл кетсе, енді оны 100 жұмыс күніне дейін азайту жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2026 жылдың сәуірінен бастап жанар-жағармай мен бірқатар тарифтерге қойылған шектеулер алынған еді. Енді бұл бағыттағы өзгерістер жалғасын таппақ.



