Білім
Семейлік қыздар бәрін артта қалдырды

15–16 сәуір күндері Алматы қаласында 9–11(12) сынып оқушылары арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 60 фракция, жалпы 180 спикер қатысты.
Абай облысының намысын қорғаған «Ыбырай дарындары» фракциясы орыс лигасы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді.

37 гимназияның 11-сынып оқушылары Адия Толендинова, Назерке Бақытбекова және Кәусар Қасенова жеңімпаз атанды.



