Аймақ тынысы
Қызылкесік енді қауіпсіз

Ақсуат ауданының Қызылкесік ауылында «Ауыл құтқарушылары» бекеті жұмысын бастады. Бұл ауылдағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.
Жаңа бекет 156 шаршы метрді құрайды. Ол 40 млн теңгеге салынған. Ішінде өрт сөндіру техникасы мен қажетті жабдықтар бар.

Бекетте 3 адам қызмет етеді. Олар арнайы өрт сөндіру көлігімен қамтамасыз етілген.
Нысан Қызылкесік, Егіндібұлақ, Үштөбе ауылдары мен жақын маңдағы қыстақтарға қызмет көрсетеді. Жалпы 2 мыңнан астам тұрғын қамтылады.
Жаңа бекет төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.



