Топ Семей

Қалалық аялдамалар талапқа сай ма?

Семей қаласында жолаушылар ағыны жоғары аялдамалардың жағдайына талдау жүргізілді. Зерттеу барысында үш ірі аялдама қарастырылды: Университет, Халықтық (Народная) және Арғымақ (базар маңы). Сараптама нәтижесі бұл нысандарда қоғамдық көлік жеткілікті болғанымен, күтіп ұстау сапасы төмен екенін көрсетті.

Университет аялдамасы жолаушылар ең көп шоғырланатын орындардың бірі саналады. Мұнда студенттер, оқытушылар және жұмысқа қатынайтын тұрғындар жиі жиналады. Таңертең және кешке адам саны артады. Аялдама жаңа, үсті жабық, қолайлы жағдай жасалған. Автобустар жиі қатынайды. Соған қарамастан, аумақта тазалық сақталмайды. Қоқыс жиналу жағдайлары байқалады. Күтім тұрақты жүргізілмейді.

Халықтық (Народная) аялдамасы қаланың екі бөлігін байланыстыратын маңызды көлік торабы болып есептеледі. Жолаушылар ағыны күн бойы жоғары деңгейде сақталады. Сауда орындарының жақын орналасуы да әсер етеді. Қоғамдық көлік жеткілікті. Алайда аялдама ескірген. Ашық күйде орналасқан. Суық пен жел кезінде жолаушыларға қолайсыздық туындайды. Нысанды жаңарту қажет екендігін тұрғындар жиі ескертеді.

Арғымақ аялдамасы базар аумағында орналасқан. Бұл жерде саудагерлер мен сатып алушылар, сондай-ақ қала ішінде қатынайтын тұрғындар жиі жиналады. Аялдама салыстырмалы түрде жаңа. Қоғамдық көлік жеткілікті деңгейде қызмет көрсетеді. Дегенмен аумақта тазалық сақталмайды. Қоқыс жиналады. Айнала ретсіз күйге түседі.

Жалпы қорытынды бойынша, қарастырылған аялдамаларда қоғамдық көлік мәселесі байқалмайды. Негізгі түйткілдер тазалық пен күтімге байланысты. Кейбір нысандардың ескі болуы да жағдайға әсер етеді.

Осыған байланысты қолданыстағы аялдамаларды тұрақты күтіп ұстау, санитарлық жағдайын бақылау және тозған нысандарды кезең-кезеңімен жаңарту қажеттігі туындайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button