Спорт
Әлем балуандары Семейде бас қосты

Семейде грек-рим күресінен даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр.

Жарысқа әлемнің бес елінен және Қазақстанның 20 өңірінен 300-ден астам жасөспірім балуан жиналды. U-15 санатындағы спортшылар 11 салмақ дәрежесінде күш сынасып, өзара мықтыны анықтауда. Турнир жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе алаңына айналды. 
Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко және бірқатар спорт ардагерлері қатысты. Аймақ басшысы өз сөзінде бұл жарыстың тек спорттық бәсеке ғана емес, жас ұрпақты жігерлендіретін маңызды шара екенін атап өтті.

Қазірдің өзінде алғашқы жеңімпаздар анықталып үлгерді. Жекелеген салмақтар бойынша жүлдегерлер марапатталды.



