Спорт

«Елімай» пенальти сериясында жеңіліп, Еурокубокпен қоштасты

Семейлік «Елімай» УЕФА Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде армениялық «Алашкерттен» өте алмай, жарысты аяқтады.

Семейдегі «Спартак» стадионында өткен қарымта кездесудің негізгі және қосымша уақыты 2:2 есебімен аяқталды. «Елімай» сапынан Ақмал Бахтияров (11) пен Хрвое Илич (96, пенальти) гол соқты. Қонақтар құрамында Момо Туре (4) мен Даудо Тогола (121) мергендік танытты.

Пенальти сериясында «Алашкерт» 6:5 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті. Алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталған еді. «Елімай» еурокубоктағы жорығын бірінші іріктеу кезеңінде аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button