Басты жаңалық

Семейдегі жерасты өткелі жаңарды

Семей қаласында жаяу жүргіншілер үшін жайлы әрі қауіпсіз инфрақұрылым қалыптастыру бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасуда. Осы бастама аясында шаһар орталығындағы жерасты өткелі толық жаңартудан өтіп, тұрғындар игілігіне берілді.

Абаттандыру шаралары барысында нысанның ішкі әрлеуі жаңартылып, жарықтандыру жүйесі заманауи талаптарға сай ретке келтірілді. Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткел аумағына үздіксіз бейнебақылау камералары орнатылып, қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді.

Сонымен бірге эстетикалық келбетті арттыру мақсатында өткел қабырғалары ұлттық нақыштағы көркем суреттермен безендірілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде инфрақұрылымдық нысан таза, жарық әрі заманауи қоғамдық кеңістікке айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button