Ипотеканы қайта қаржыландыру шарттары кеңейді

2021–2024 жылдары ипотека рәсімдеп, берешегін өтей алмай жүрген әлеуметтік осал азаматтар қайта қаржыландыруға үміткер бола алады.
Бұған дейін мұндай көмек I топтағы мүгедектігі бар адамдар мен жетім балаларға ғана қарастырылған. Енді комиссия әлеуметтік осал азаматтардың өзге санаттары мен белгілі бір аурулары бар қарыз алушылардың өтініштерін де қарай алады.
Қайта қаржыландыру үшін мерзімі өткен берешек 2025 жылғы 1 қаңтарда 180 күннен асуы, негізгі қарыз 50 млн теңгеден аспауы және кепілдегі үй отбасының жалғыз баспанасы болуы керек. Сонымен қатар отбасының табысы несиені өтеуге жеткіліксіз екені дәлелденіп, қарыз алушы бағдарлама талаптарына сай болуы тиіс.
Қосымша көмекке өтініш беру мерзімі 2027 жылғы 1 шілдеге дейін, ал бағдарламаға қызмет көрсету мерзімі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Қарыз автоматты түрде есептен шығарылмайды, әр өтініш жеке қаралады.



