Басты жаңалық

Абай облысында ЖИ мүмкіндіктері талқыланды

Абай облысында жасанды интеллект технологияларын меңгеруге арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Шара Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы цифрлық дамуды жеделдету және жасанды интеллектті қоғам өміріне кезең-кезеңімен енгізу міндетін жүзеге асыру мақсатында өтті.

Семинарды Абай облысы әкімінің тапсырмасымен Ішкі саясат басқармасы өткізді. Төрт бөлімнен тұратын бағдарламаға мемлекеттік қызмет өкілдері мен өңірлік БАҚ журналистері қатысты.

80-ге жуық қатысушы заманауи технологиялармен танысып, жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану тәсілдерін үйренді. Жиын жаңа идеялармен бөлісіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button