Назар аударыңыз, семейліктер!

4 қараша күні қалада жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жарық пен су беру тоқтатылады.
Су: сағат 09:00–17:00 аралығында келесі көшелер мен нысандарда су уақытша өшіріледі:
Би Боранбай, Галето, Рахимов, Түрксіб, Физкультура (4, 4А, 4Б, 4В, 4С, 9/7 үйлер), Жастардың 2 және 3-ші өткелдері, №10, 11, 18, 22, 39 мектептер, «Жұлдыз-Ардақ», «Немере» балабақшалары, Шәкәрім университетінің №9 корпусы, №3 және №18 жылу пункттері, кеме жөндеу зауыты, сондай-ақ Шлеева, Сәтпаев, Павлодар, Коломен, Водниктер, Турғанбаев, Сейітов көшелеріндегі апатты учаскелер.
Жарық: сағат 09:00–17:00 аралығында мына көшелерде электр энергиясы уақытша өшіріледі:
Мұрат шағын ауданы, Турғанбаев, Павлодар, Павлодар өткелі, Амбулатория, Ауылшаруашылық, Жангелдин, Потанин, Сәтпаев, Подхоз, Арық, Комбинат, Кожкомбинат, 2-ші Ақкөл көшелері.
Түнгі уақытта 00:00–05:00 аралығында жедел қосу-ажырату жұмыстарына байланысты жарық 10–15 минутқа қысқа мерзімге өшіп қалуы мүмкін.
Өз істеріңізді алдын ала жоспарлап, абай болыңыздар.




