Басты жаңалық

Абай облысында инвестициялық кеңес

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңесте өңірге инвестиция тарту және жобаларды іске асыру барысы қаралды.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, 2025 жылға дейін облыс экономикасына 417,7 млрд теңге инвестиция салу жоспарланған. Оның ішінде жеке инвестициялар үлесі 73,3 пайызды құрайды.

Бүгінде жалпы құны 25,9 млрд теңге болатын 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар аясында 453 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Кеңес қорытындысында облыс әкімі Берік Уәли жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы облыстың жалпы рейтингі мен экономикалық даму деңгейіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ, белсенділігі төмен аудандарға нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button