Басты жаңалық
Семейде жаңа ЖЭО салынады

Абай облысында жылу тапшылығын шешу мақсатында Семей қаласында ЖЭО-3 құрылысын салу жоспарлануда. Қала оң жағалауындағы кейбір қазандықтар жаңа тұрғын үйлерді толық жылумен қамтамасыз ете алмай отыр, сондықтан жаңа станцияның іске қосылуы стратегиялық маңызды.
Жобада экологиялық қауіпсіздік басты назарда. ЖЭО-3 үш-төрт сатылы заманауи сүзгі және тазарту жүйесімен жабдықталады, бұл түтін мен шығарындылардың зиянды деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Құрылыс кезеңінде қажетті инженерлік инфрақұрылым дайындалады, жылу желілерін өткізу үшін екі инженерлік көпір салынады. Жаңа ЖЭО іске қосылған соң жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді, ал қолданыстағы қазандықтар орталық жылу пункттеріне айналады.
Жобаның жүзеге асу мерзімі – төрт жыл.




