Басты жаңалық
ЖЭО-3 Степной кенті маңында салынады

Семей қаласында жылу жүйесін жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында Степной кенті аумағында жаңа ЖЭО-3 жылу электр орталығын салу жобасы қолға алынды.
Жылу желілерін тиімді тарту үшін екі инженерлік көпір тұрғызылады. Бірі жаңа автокөлік көпірінің жанында, екіншісі — Затон ауданында. Бұл инфрақұрылым апатты жағдай туындаған кезде орталық жылу пункттерін жедел қамтамасыз етіп, жылу беру үзілістерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Жаңа станцияның құрылысына арналған аумақ ретінде Степной кенті маңы таңдалды. Бұл шешім бірнеше техникалық және логистикалық артықшылықтарды ескере отырып қабылданған.




