Басты жаңалықЗаң
Криптовалюта саласындағы заңсыз әрекеттермен күрес

Семей қаласында «Қылмыстық жолмен алынған криптовалюталық активтерді анықтау» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылды.
Басқосуда жергілікті полиция департаментінің қызметкерлері интернеттегі жалған инвестициялық жобалар мен алаяқтық схемалардың жаңа түрлері жайлы баяндама жасап, оларды анықтау мен алдын алу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты.
Мамандардың айтуынша, 2025 жылы облыс бойынша 1500-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.
Алайда тиянақты жедел және тергеу жұмыстарының арқасында 2500-ге жуық заңсыз сайт жабылып, 30 миллион теңгеден астам қаржы бұғатталған. Оның ішінде 20 миллион теңгеге жуық қаражат иелеріне қайтарылған.




