Басты жаңалықЗаң

Фонограммамен ән айтқандарға айыппұл салынады

Енді концерттер мен мәдени іс-шараларда фонограммамен (дайын жазбамен) ән орындаған әртістерге 4 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Бүгін Сенат мәдениет саласына қатысты жаңа заң жобасын қарап, фонограмма қолдануға шектеу енгізуді қолдады.

Жаңа талап бойынша, жанды дауыспен айтпауға тек телевизиялық бағдарламаларда ғана рұқсат етіледі. Ал ашық аспан астындағы концерттер мен сахналық қойылымдарда фонограмма тек техникалық ақау туындаған жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін.

Бұл ереженің орындалуын жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктер қадағалайды.

Мамандардың пікірінше, бұл өзгеріс тыңдарманға сапалы өнер ұсынуға және сахна мәдениетін арттыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button