Мәдениет

Белгісіз бағыт

ХХІ ғасырда адамзат алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – терроризм. Бұл – жеке адамға да, қоғам мен мемлекетке де зор қауіп төндіретін құбылыс.

Өкінішке қарай, теріс ағымның жетегіне сауаты төмен, өмірлік бағытын таппаған және сенгіш жастар түсіп жатады. Адам ешқашан қарап жүріп террорист немесе қанқұмар содырға айналмайды. Оларды адастырып, өздерінің мақсатты жолында пайдаланатындар бар.

Осы шындықтың көрінісін «Белгісіз бағыт» атты қойылым арқылы көре аламыз. Қойылымда Азамат есімді жігіттің ақша табу жолында адасып, теріс жолға түсіп кетуін көрсетеді. Қоғамда орын алып отырған өзекті мәселені айқын көруге болады.

Олай болса, 14 қараша күні сағат 18:00-де «Дариға-ай» жастар театры көрерменге «Белгісіз бағыт» қойылымын ұсынады.
Алтын уақытымызды арзан күлкі мен мағынасыз сауыққа жұмсағанша, театрға барып, рухымызды кемелдендірейік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button