Мәдениет

Шар қаласының руханиятына мәдени серпіліс

Республика күні қарсаңында Жарма ауданының Шар қаласында күрделі жөндеуден өткен қалалық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. 1960 жылы бой көтерген бұл нысанға соңғы рет 2002 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл «Жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен ғимарат толық жаңғыртылды.

Ашылу салтанатына аймақ басшысы Берік Уәли қатысып, нысанның қайта ашылуы өңірдің мәдени өмірін жандандырып, тұрғындардың шығармашылық әлеуетін арттыра түсетінін атап өтті.

Рухани серпілістің лебі мұнымен шектелмейді. 2025 жылы Абай облысында мәдени инфрақұрылымды дамыту мақсатында бес жаңа нысанның құрылысына қаржы бөлінді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button