Аялдамалар сөйлей алса…

Семей көшелерін аралап жүріп, аялдамалардың бірінен-бірі қатты ерекшеленетінін байқауға болады. Бірі – ескі, күтімсіз. Екіншісі – жылы, жарық, заманға сай. Осыны ескеріп, қаладағы аялдамалардың жай-күйін жеңіл түрде шолып өттік.

Комсомол кентіндегі аялдамаға қарасаңыз, оның ұзақ уақыт бойы қараусыз қалғаны бірден байқалады. Қоқыс жәшігі жоқ, сырт келбеті де тозған. Мұндай нысандар тұрғындардың көңіл-күйіне де, қаланың бейнесіне де әсер етеді.

Соңғы жылдары Семейде жылы аялдамалар көбейіп келеді. «Орталық саябақтағы» аялдама – соның айқын мысалы. Іші жылы, жайлы, тәртіп бар. Бұның өзі тұрғындардың жайлылыққа деген сұранысы артып келе жатқанын көрсетеді. Гүл сататын дүңгіршектер арасынан аялдаманы байқамай қалуыңыз мүмкін.

Орталық алаңдағы аялдама да назар аудартады. Әдетте шеткі аялдамалар нашар жағдайда деп ойласақ, бұл нысанға да біраз уақыттан бері күтім жасалмағанын байқауға болады.

Абай музейінің алдында жылы аялдаманың салынып жатқаны қуантады. Семейдің қатты аязында жылы жерде көлік күту – тұрғындар үшін үлкен қолайлы. Аздап шыдасақ, бұл орын көпшілікке өте ыңғайлы нысан болмақ.

Жаңа құрылыс аялдамасы тұрғындар көп шоғырланатын орынның бірі. Маңайындағы асфальтты жөндеп, айналасы қоқыстан тазаланса, бұл жер әп-сәтте ажарланып шыға келер еді.
Семей аялдамалары – қаланың дамуы мен әлсіз тұстарын бірден көрсететін айна секілді. Жаңа аялдамалар – тұрғындарға деген құрметтің белгісі.
Қала тек жаңа нәрсе салумен емес, бар нысандарды дұрыс күтіп, реттеп отырумен дамиды. Осы жерде тұрғындардың да жауапкуершілік алуы маңызды.
Біздегі ұсыныс осы, ал таңдау сізде. Келесі аялдамада кездескеше.


