Семейдегі үздік тұрғын үйлер

Пәтер алуды жоспарлағанда әр тұрғын үй кешенінің артықшылығы мен кемшілігін алдын ала саралау маңызды. Осыған орай Abaylife.kz редакциясының тілшілері Семейдегі танымал тұрғын үй кешендері туралы тұрғындардың нақты пікірлеріне сүйенген шолу дайындадық.
Алтын Ұя – орталықтағы ең ыңғайлы локациялардың бірі. Инфрақұрылым қолжетімді, күнделікті тұрмысқа өте қолайлы. Тұрғындар пікірінше басты артықшылығы тек орналасқан жерінде дейді. Ал құрылыс сапасы орташа деңгейде екенін байқадық.
Алаш – заманауи инфрақұрылымымен ерекшеленетін кешен. Face ID, кең аула, балалар алаңы мен жерасты тұрағы бар. Сапасы жақсы болғанымен, оң жақ жағалаудағы тар көшенің бойында орналасқан деген пікірлер де кездеседі.
Тольяна тұрғындары ең алдымен үйдің жылы екенін ерекше атады. Қыста жайлы, құрылыс сапасы сенімді. Базар, кинотеатр, мектепке өте жақын. Жаңадан салынатын театрға да алыс емес. Бірақ көлігі барларға сәл қиындау, автотұрағы шағын.
Aruzhan – орталықтағы жаңа, жинақы кешен. Тазалығы мен орналасуы жағымды баға алған. 8 қабатты тұрғын үй қаланың дәл ортасында орналасқан. Бірақ теміржол жолағына жақын болғандықтан дыбысы қатты естіледі.
Атамекен туралы пікірлер екіге бөлінеді. Бір тарап кешеннің жасыл аумағын, сыртқы дизайнын жоғары бағалайды. Екінші тарап уәде етілген панорамалық терезелердің толық орнатылмағанын, қыста салқын әрі басқарушы компанияның жұмысы баяу екенін айтты.
Сатылым кезіндегі уәделер орындалмаған.
Жалпы, Семейдегі әр тұрғын үй кешенінің өзіндік ерекшелігі бар.
Абай облысы құрылғалы қалада жаңа тұрғын үйлердің саны артып, құрылыс қарқыны күшейді. Семей біртіндеп жаңарып, көркейіп келеді. Бұл өзгерістер тұрғындар үшін таңдауды кеңейтіп, қолайлы өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер ашып жатыр.


