Топ Семей

Семейде демалысты қалай тиімді өткізуге болады?

Семей қаласында тұрғындар мен қонақтардың бос уақытын тиімді әрі түрлі форматта өткізуіне мүмкіндік беретін демалыс орындары бар. Қала аумағында ойын-сауық, еркін форматтағы демалыс және ұлттық-танымдық бағыттарды қамтитын нысандар жүйелі түрде қызмет көрсетуде.

Omerta Mafia
Семей қаласындағы Omerta Mafia – достармен және жақындармен уақытты көңілді өткізуге арналған ойын-сауық орны. Мұнда үстел ойындары мен PlayStation 5 қызметтері ұсынылады, ойын форматтары эмоция мен белсенді демалысқа бағытталған.

Ойын-сауық орны Глинки көшесі, 36 мекенжайында орналасқан. Күн сайын таңғы 08:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Қызмет құны – бір адамға сағатына 2 000 теңге.

ETNO AUL
Ұлттық дәстүр мен табиғат аясындағы тынығуды ұсынатын жер. Мұнда атпен серуендеу, фотосессия ұйымдастыру, садақ ату, алтыбақан тебу және киіз үйде демалу мүмкіндігі бар.

Этноауыл Павлодар тасжолынан кейін, Орлёнок массивінде орналасқан. Жұмыс уақыты – күн сайын 10:00–20:00.

Қызмет бағалары:
• Атпен серуендеу:
• дүйсенбі–бейсенбі – 1 сағат 4 000 теңге
• жұма–жексенбі – 1 сағат 5 000 теңге
• Атпен фотосессия:
• 1 сағат – 9 000 теңге
• 30 минут – 5 000 теңге
• Қазақ үйін жалға алу (20–25 адамға):
• дүйсенбі–жұма – 20 000 теңге
• сенбі–жексенбі – 25 000 теңге

Алтыбақан тебу, садақ ату, киіз үйде демалу және самаурыннан шай тегін ұсынылады. Демалыс орны аумағында ішімдік ішуге және әкелуге тыйым салынған.

Paradise Anticafe
Бос уақытты еркін әрі жайлы жағдайда өткізуге арналған демалыс орны. Мұнда үстел ойындары, PlayStation 5, бильярд және үстел теннисі бар. Келушілерге жалпы зал және жеке VIP бөлмелер ұсынылады.

Антикафе Чайковский көшесі, 3 мекенжайында орналасқан. Жұмыс уақыты – күн сайын 14:00-ден 02:00-ге дейін.

Қызмет бағалары:
• Жалпы зал: 1 адамға 1 сағат – 1 000 теңге, уақыт шектеусіз кіру – 4 500 теңге
• VIP бөлме: 1 адамға 1 сағат – 1 200 теңге, уақыт шектеусіз кіру – 5 500 теңге
• Туған күні болған қонақтарға – 100 пайыздық жеңілдік

Антикафеде өзін-өзі қызмет көрсету тәртібі қолданылады. Темекі шегуге және электронды темекі пайдалануға, дивандар мен пуфиктерге аяқпен шығуға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, ішімдік ішуге және әкелуге, дыбыс деңгейін шамадан тыс көтеруге тыйым салынады. Сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе заңды өкілінің ертуінсіз болуына рұқсат етілмейді. Мүлікке келтірілген залал толық көлемде өтеледі.

Ұсынылған демалыс орындары бос уақытты тиімді өткізіп, күнделікті қарбаластан бір сәт алыстап, тынығып қайтуға мүмкіндік береді. Уақытты жақындармен бірге қызықты әрі көңілді қылу үшін бұл орындарды кез_келген уақытта таңдауға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button