Топ Семей

Қала тазалығы ауладан басталады

Қала тазалығы мен тұрғындарға қолайлы орта ең алдымен ауладан басталады. Қыс мезгілінде қар тазалау мәселесі әсіресе балалар мен қарттардың жүріп-тұруына тікелей әсер етеді. Осыған орай, қаладағы бірнеше ауланың қазіргі жағдайын салыстырып көрдік.

Алғаш болып Шәкәрім даңғылы, 38 мекенжайындағы аулаға назар аудардық. Мұнда жауапты қызметтер қарды уақытылы тазалап, аумақты балалардың еркін ойнауына ыңғайлы етіп қойған. Аула іші таза әрі тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалғаны байқалады.

Ал Шәкәрім даңғылы, 20 мекенжайындағы аулада қар толық тазаланбаған. Бұл жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысына белгілі бір кедергі келтіреді. Дегенмен аула аумағының тазалығы сақталған.


Найманбаев көшесі, 128 үйдің ауласында да қар толық тазаланбағаны байқалады. Әсіресе балалар алаңындағы қар үйінділері бүлдіршіндердің ойнауына кедергі келтіріп тұр.


Көктем мезгілі жақындаған сайын аулалар толық тазартылып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасады деген үміт бар. Себебі қала көркі ең алдымен оның шағын аулаларынан басталады. Ал сіздің аула таза ма?

Басқа жаңалықтар

Back to top button