Семейдегі үздік тұрғын үйлерді білесіз бе?

Семейде жаңа үйлер көбейді. Бірақ әр жаңа ғимарат — жайлылықтың кепілі ме? Қалада баспана іздегендер үшін басты сұрақ осы. Сырттай бәрі ұқсас көрінгенімен, құрылыс сапасы, жоспарлануы мен инфрақұрылымы әр жобада әртүрлі. Біз тұрғындар пікірі мен ұсыныстарды саралап, назар аудартқан үш тұрғын үйге тоқталдық.
«Данияр» тұрғын үйі (Мұхтар Әуезов, 88)
Сол жағалауда орналасқан 5 қабатты бұл үй — классикалық форматтағы жоба. Мұхит аялдамасына жақын, қоғамдық көлікке қолжетімді. Айналасында күнделікті қажет нысандар бар, аудан тыныш.
Бұл нысан артық сән-салтанаттан гөрі, қарапайым әрі тұрақты өмірді ұсынады. Қосымша мүмкіндіктері көп болмаса да, орналасуы мен қолайлылығы жағынан ұтымды.
«Абай елі» тұрғын үйі (Құнанбай, 35А)
Бұл кешен көлемімен ерекшеленеді. Қаладағы ең үлкен жерасты автотұрақтарының бірі осы жерде орналасқан. Сонымен қатар, 122 м² пәтер алғандарға паркинг сыйлыққа беріледі — бұл тиімді ұсыныс.
Пәтерлері кең, бөлмелері ыңғайлы жоспарланған. Құрылыс сапасы да назар аудартады. Бұл жоба үлкен пәтер іздейтіндер мен тиімді шарттарды бағалайтындар үшін лайық.
«Тарлан» тұрғын үйі (Морозова, 2)
Оң жағалаудағы люкс деңгейдегі кешен. Жабық аула, ішкі паркинг, футбол алаңы, дәріхана мен дүкен — бәрі бір жерде орналасқан.
Тұрғындардың айтуынша, үй сапасы жоғары, қауіпсіздікке мән берілген. Күнделікті қажеттіліктерді алыстамай шешуге болады. Дегенмен, мұндай деңгейдегі үйлердің бағасы да сәйкес болады.
Семейде жаңа тұрғын үйлер көбейіп келеді, бірақ таңдау жасауда асықпау маңызды.
Әр үйдің өз артықшылығы бар: бірі — орналасуымен, бірі — көлемімен, енді бірі — жайлылығымен ерекшеленеді.
Сондықтан пәтер таңдағанда ең алдымен өзіңізге не маңызды екенін нақтылап алған дұрыс.



