Басты жаңалық
Семейде бірінші рет асфальт төселген көшелер бар

Биыл Семейде 52 көшеде орташа жөндеу жүргізілді. Оның ішінде 36 көшеге бірінші рет асфальт төселді.
Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аспалы көпір мен халық арасында «Ескі көпір» аталып кеткен автокөлік көпірінің ескі жабындысы толық алынып, жаңадан асфальт салынды. Сол жағалаудағы айналма жол да қайта реттелді.
Қала жолдарының сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда.



