Басты жаңалық

Заманауи әйел: қоғам және отбасы

Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында бүгін Абай облысының әйелдер қауымын біріктірген «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» форумы өз жұмысын бастады. Форумға мемлекеттік қызметтегі, білім, ғылым, медицина, кәсіпкерлік, мәдениет және әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген өңірдің белсенді әйелдері жиналды.

Шара Абай облысы әкімінің орынбасары Мұрат Рахановтың құттықтауымен ашылды. Бұдан кейін ұлттық және өңірлік деңгейдегі сарапшылар қазіргі әйелдің қоғамдағы рөлі, гендерлік теңдік, отбасы институты және кәсіби даму бағытында ой бөлісті.

Панельдік сессияда әр ауданнан келген әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, табысқа жету жолдарын, ауыл мен қаладағы әйел көшбасшылығының ерекшеліктерін, білім мен технологиядағы жаңа мүмкіндіктерді талқылады. Сонымен қатар кәсіпкерлік, мәдени мұра, медицина және әлеуметтік бастамаларға қатысты өзекті тақырыптар көтерілді.

Форум соңында өңірдің дамуына айрықша үлес қосқан әйелдерге арнайы марапаттар табысталмақ.

Бұл форум – Абай облысындағы белсенді әйелдер үшін тәжірибе алмасатын, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды алаңға айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button