Басты жаңалық

Садақ ату демалыстың танымал түріне айналды

Семей қаласында дәстүрлі садақ ату өнерін дамытуға бағытталған Alash Mergenderi орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық ұлттық спортты дәріптеп, тұрғындарға демалысты пайдалы өткізуге жағдай жасап отыр.


Мұнда келушілерге садақ ату техникасы үйретіліп, тұрақты жаттығулар ұйымдастырылады. Жоба ұлттық мұраны жаңғыртуға және жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған. Қатысушылар мергендік қабілетін дамытып қана қоймай, төзімділік пен жинақылықты да қалыптастырады.


Жаттығулар топтық және жеке форматта өтеді. Сонымен қатар тәжірибелік сабақтар мен шағын жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

Бір сағаттық жаттығу – 3000 теңге. Айлық абонемент 7–15 жас аралығындағы балалар үшін 10 000 теңге, ал 16 жастан жоғары келушілерге 15 000 теңге.


Орталық күн сайын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Семей қаласы, Дулатов көшесі, 94.

Демалысты мазмұнды өткізіп, ұлттық спортпен айналысамын дегендер үшін бұл тиімді мүмкіндік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button