Басты жаңалық

Шымкент мәдениеті Абайда

Абай облысында Шымкент қаласының Мәдениет және өнер күндері басталып, «Шырайлы Шымқаладан – Шуақты Шығысқа» атты мәдени жоба аясында алғашқы іс-шаралар өтті.

Бағдарлама жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек пен абайтанушы Ақжол Қалшабектің оқырмандармен кездесуінен басталды. Кездесу барысында олар шығармашылық жолы, атқарған еңбектері жөнінде айтты және қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Шараның мақсаты – екі өңір арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту, әдеби мұраны дәріптеу және шығармашылық бағыттағы тәжірибе алмасуды кеңейту. Мәдениет және өнер күндері аясында түрлі форматтағы бағдарламалар жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button