Басты жаңалықМәдениет
«Жалғыз арша» байқауының II кезеңі өтуде

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияда республикалық «Жалғыз арша» дәстүрлі әншілер байқауының II кезеңі өтіп жатыр. Филармонияның 80 жылдық мерейтойы аясындағы бұл додада еліміздің түрлі өңірінен келген 36-ға жуық дәстүрлі ән өнерінің өкілдері бақ сынауда.
Қатысушылар екі кезең бойынша өз өнерін көрсетіп, дәстүрлі мектептің талаптарына сай орындаушылық шеберліктерін паш етуде. Байқауды 7 мүшеден тұратын қазылар алқасы бағалап отыр. Олардың арасында Рамазан Стамғазиев, Ерлан Рысқали, Толғанбай Сембаев, Бақыт Үдербаева және Клара Төленбаева сияқты белгілі өнер иелері бар.

«Жалғыз арша» байқауы – ұлттық мұраны ұлықтап, талантты әншілерді қолдауға бағытталған маңызды мәдени шара. Бүгін үздік қатысушылар анықталып жатыр.



