Басты жаңалық
Мәлік Отарбаев Бесқарағай тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай облысына жұмыс сапары барысында Бесқарағай ауданының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында ол Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл шаруашылығы, білім, медицина және мемлекеттік қызмет салаларына цифрлық технологияларды енгізудің маңызын атап өтті.
Тұрғындар өз ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, ауылдағы цифрландыру, жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.




