Басты жаңалықМәдениет

Семейде «Жалғыз арша» жеңімпаздары анықталды

«Жалғыз арша» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Шара «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының» 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Елдің түкпір-түкпірінен жиналған жас таланттар қазақтың дәстүрлі ән өнерін кеңінен насихаттап, көпшілікке рухани мереке сыйлады.

Байқауға кәсіби оқу орнының студенттері, жас оқытушылар, өнер ұйымдарының өкілдері қатысып, бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Қазылар алқасы қатысушылардың дауыс мүмкіндігі, орындау шеберлігі, дәстүрлі мектепті сақтауы мен сахналық мәдениетін ескере отырып жеңімпаздарды анықтады.

Махамбет Амангелдіұлы, Өмірзақ Шешқанұлы, Қуандық Қуатұлы байқау дипломанттары атанса, Аружан Сағындық, Камал Қуатұлы, Фархад Сұнғатұлы 3 орын иеленді.

2 орынға Асет Тлекұлы мен Ораш Дәурен табан тіресе, 1 орынды Замзагүл Талғатқызы алды.

Бас жүлде Айдана Келісқызына бұйырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button