Басты жаңалық

Бөкебай тікұшақтары орманды өрттен қорғады

Биыл Бөкебай авиациялық бөлімшесі өрт маусымында орманды өрттен сақтауда маңызды рөл атқарды. Ұйым 1978 жылдан бері «Семей орманы» табиғи резерватына қарасты алқаптарды әуеден патрульдеп келеді.

Маусым басталғалы бөлімше аумағында 144 өрт шыққан. Тілсіз жаудың басым бөлігі найзағай түсуінен болған. 132 жағдай тіркелді.

Авиациялық патрульдеу арқылы 44 өрт дер кезінде анықталды. Жерүсті күштерімен бірге 55-і сөндірілді.

Биыл алғаш рет су төгуші құрылғысы бар H125 тікұшағы пайдаланылды. Маман­дардың айтуынша, бұл техника өртке жедел әрекет етуге, суды дәл бағыттап төгуге және жерүсті қызметінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button