Басты жаңалық
Малтүгелде жаңа медициналық пункт ашылды

Аягөз ауданының Малтүгел ауылында тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа медициналық пункт іске қосылды. Жобаны Абай облысының құрылыс басқармасы жүзеге асырған.
Құрылысты «KAZ Drilling Fluids» ЖШС орындады. Нысанның жалпы құны 82,5 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың шілдесінде басталып, қараша айында толық аяқталды.
Жаңа медпункттің ашылуы ауыл тұрғындарына шұғыл және алғашқы медициналық көмекті өз ауылынан алу мүмкіндігін қамтамасыз етті. Бұл денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін айтарлықтай арттырды.



