Басты жаңалық
Тарбағатай ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Абай облысы, Аягөз ауданы Тарбағатай ауылындағы «Тарбағатай жалпы орта білім беретін мектеп» 598 орынға арналған. Қазіргі оқу жылында мұнда 228 оқушы білім алады.
Соңғы жылдары білім ордасында инфрақұрылымды жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. 2025 жылы мектептің жылу трассасы мен қазандығы ағымдағы жөндеуден өтті. География және физика кабинеттері жаңа жабдықпен толықтырылып, компьютерлер сатып алынды. Ал 2023 жылы бейнебақылау және дыбыстық хабарландыру жүйесі орнатылды.
Мектепте 81 қызметкер еңбек етеді. Ғимараттың техникалық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланғанымен, оқу ортасын жақсарту жұмыстары жалғасуда.



