Басты жаңалық

Жаңасемей ауданында тұрғын үй инфрақұрылымы жақсарып келеді

Жаңасемей ауданында әлеуметтік осал азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл Бөкенші, Көкентау, Озерки және Мұқыр ауылдарында 11 пәтер сатып алынып, бірқатар отбасы қоныс тойын тойлады. Сонымен бірге Шақаман, Шүлбі және Мұқыр елді мекендерінде тағы 38 отбасыға пәтер кілттері табысталды.

Тұрғын үй кезегін жүргізу мен бөлу өкілеттігі «Отбасы банк» АҚ-ға беріліп, ынтымақтастық аясында 42 пәтерді үлестіру көзделген. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыс басталып кетті.

Бұдан бөлек, жеке инвесторлардың қатысуымен бірнеше ауылда 22 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Ал Алғабас пен Мұздыбай ауылдарында жаңа тұрғын үйлерді беру рәсімі жүргізілуде.

Жыл соңына дейін облыстық бюджет есебінен қосымша баспаналар сатып алу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button