Басты жаңалық

Семейде «Жыл таңдауы – 2025» жастар форумының қорытынды кеші өтті

Семей қаласында дәстүрлі «Жыл таңдауы – 2025» жастар премиясының қорытынды кеші өтті. Шараға қала әкімдігі, құқық қорғау органдарының өкілдері және белсенді жастар қатысты.

Семей қаласының әкімі Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы өз сөзінде жастардың жетістіктерін атап өтіп, марапаттарды табыс етті. Марапат иелері: Жас спортшы – Амина Гилимбекова және Дина Тоқтар; Жас еңбек адамы – Елдос Сейітбеков және Еркін Баянұрзаев; Медиа маманы– Маригарта Бутина және Ерасыл Кенжебеков; Үздік дәрігер – Гүлдана Аманғалиева; Білім мен ғылым саласының үздік жас маманы – Бинур Тұрысбекова; Үздік студент – Шынар Рахметжанова; Бүгінгі күннің батыры– Темірлан Амантаев; Ізгі істер иесі – Перизат Жүнісбекова; Жас мемлекеттік қызметкер – Ербол Саркучиков; Жылдың IT маманы – Павел Нестеренко.

Шара барысында қалалық мәдениет сарайының өнерлі жастары ән мен музыкалық нөмірлерін орындап, кеш мерекелік көңіл-күйде өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button