Басты жаңалық

Қазақстан мен Сербия бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Президенті Александр Вучич келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Кездесу аясында мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар ведомствоаралық құжаттарға қол қойылып, өзара алмасу рәсімі өтті.


Атап айтқанда, денсаулық сақтау, құқықтық әріптестік, цифрландыру және жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, ғылым мен жоғары білім, мәдениет және инвестиция салаларын қамтитын 10 меморандум бекітілді.


Сонымен қатар құжаттар екі ел арасындағы ветеринария, кино өндірісі, материалдық емес мәдени мұраны қорғау, электрондық үкіметті дамыту және кадр даярлау бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.


Сарапшылардың пікірінше, қол қойылған келісімдер Қазақстан мен Сербия арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button